"Михайловка ауылының "Колокольчик" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное козенное комунальное предприятие "Ясли-сад  "Колокольчик" села Михайловка"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасы

Қуыршақтарға арнап дастархан әзірлейік Мақсаты: балаларды дастарханды дұрыс, мәдениетті әзірлеуді үйрету. Үстел жаюға арналған заттардың атын атату. Этика (әдеп) ережелерімен таныстыру: қонақтарды қарсы алу, сыйлықтарды қабылдау, үстелге шақыру, дастарханда өзін-өзі ұстауы. Балалардың адамгершілік тәрбиелерін қалыптастыру. Достық қарым-қатынастарын жетілдіру. Ойынның барысы: Тәрбиеші топқа әдемі киінген қуыршақпен кіреді. Балалар қуыршаққа қарап, оның киімдерін жеке-жеке атайды. Тәрбиеші балаларға қуыршақтың мерекелік дастарханын әзірлеуге көмектесуін ұсынады. (Қуыршақтың жиһаздары мен ыдыстары қолданылады.) Тәрбиеші балалармен бірге қызметтердің кезеңдерін орындайды (қол жуу, дастарханды үстелге жаю, үстелдің ортасына гүлі бар ваза қою, нан салатын ыдысты және сүлгі салатын ыдысты қою, шыны мен тарелкаларды дайындау, олардың қасына қасық, шанышқы, пышақты орналастыру). Содан кейін қонақтарды қарсы алу кезеңі орындалады. Балалар қуыршақтарды орындарына отырғызады. Ересек мектеп жасына дейінгі балалар дастархан әзірлеуді толық меңгеруі үшін кезекшілік кезіндегі суреттерді көрсетуге болады. Балалар суреттерді рет ретімен қоюы керек. Дастархан әзірлегенде ыдыстарды қоюдың реттілігін білуі керек.
Жаңартылған күні: 03.03.2018 15:15
Құрылған күні: 07.03.2019 12:35

Текст