"Михайловка ауылының "Колокольчик" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное козенное комунальное предприятие "Ясли-сад  "Колокольчик" села Михайловка"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауы Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы айтылды. Президент сөзін " осыдан 30 жыл бұрын біз тәуелсіздігімізді жариялап, бабаларымыздың сан ғасырлық арманын орындадық.» Осы жылдар ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналды. Берік бірліктің арқасында біз тәуелсіздігімізді нығайттық және халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін жағдай жасадық.Бұл уақыт жасампаздық пен прогресс, бейбітшілік пен келісім кезеңі болды. Біздің даму жолымыз бүкіл әлемде Қазақстандық модель немесе Назарбаев моделі ретінде танылды. Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың сапалы жаңа деңгейіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа уәде берді: "Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын. Біздің жұмысымызда Елбасы әзірлеген бес институционалдық реформа мен Ұлт жоспарын толық іске асыру қажеттігін негізге алғанымыз жөн. Ол құрған жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның жұмысын қайта жандандыру қажет.
Жаңартылған күні: 16.03.2022 14:57
Құрылған күні: 16.03.2022 14:57

Текст